Елбасының есімін ұлықтау - елдігіміздің белгісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін ұлықтау - елдігіміздің белгісі.

Отыз жылдың ішінде Қазақстанның ел болып өсіп-өркендеуі, әлемдік саяси арена мен экономикалық қауымдастықта ойып тұрып орын алуы осы ұлы тұлғаның есімімен тығыз байланысты. Бұл пікірді Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің ұжымы zhaikpress.kz сайтында білдірген.

Астана қаласының біздің ұрпақ білетін соңғы атауының Целиноград болуы - ол ұлттың сан ғасырлық тарихы мен өткенін белден басып, тілін де, дінін де, ділін де бір мезет жоқ қылған қитұрқы саясат екенін бәріміз білеміз. Сол келмеске кеткен империяның өзі де астана салып, «Еуропаға ашылған терезе» деп І Петр патшасына да есімін берген жоқ па еді? Одан қала берді ел-жұртты қанға бөктірген қолбасшыларына да бір-бір қаладан есімдерін бермеп пе еді?

Ендеше Тәуелсіздігіміздің туы болған, елін, жұртын 90-шы жылдардағы қантөгістерден аман алып шыққан, ішкі тыныштықтың символы, өзіміз түгілі әлемнің небір марқасқа елдері мойындаған және мойындата білген кемеңгер тұлғамыздың есімін Астана қаласына беруді ұжым болып толықтай қолдаймыз. Жер бетінде Қазақстан деген елдің, қазақ деген ұлттың бар екенін әлем тек Тәуелсіздіктен кейін ғана таныды.

Сол себепті, елордамызға Нұр-Сұлтан есімін беру қазақ халқының тарихында мәңгілік сақталып қалуын және Тұңғыш Президентіміз, Елбасының қазақ халқы үшін сіңірген өлшеусіз еңбегі мен өр тұлғалық қасиетін Тәуелсіз ел ұрпақтарының санасына сіңіру - біздің міндетіміз.

Соңғы жаңалықтар