+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елбасының ел қауіпсіздігін қамтамасыз еткен тағдыршешті шешімі қандай

2020 жылғы 2 шілде 14:18
Бөлісіңіз:
Елбасының ел қауіпсіздігін қамтамасыз еткен тағдыршешті шешімі қандай

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел қауіпсіздігін қамтамасыз еткен тағдыршешті шешімдері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік құрылыс пен жаңа республиканы басқару дәстүрі жоқ, кадр тапқышылығы өткір тұрған және әлеуметтік-экономикалық дағдарыс тереңдеп кеткен жағдайда еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа минут сайын маңызды тарихи шешімдер қабылдау қажет болды. Олардың әрқайсысы бүкіл мемлекеттің болашақ траекториясын айқындау ұзақ мерзімді әсері болды және өз түзетулерін енгізіп отырды. Бұған қоса елге төнген саяси-экономикалықтан бастап әлеуметті және этносаралық міндеттер мен проблемалардың барлығын кешенді түрде шешу де қажет еді. Оның үстіне түрлі топтар тарапынан ксенофобия мен қақтығыстарға от тастауға тырысқан арандатушылар да болды», - деді ол «Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты басшылық: Сабақтастық пен эволюция» тақырыбындағы халықаралық конференция барысында.

Оның атап өтуінше, осындай қиын-қыстау кезеңде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі этникалық топтардың басын босқан Қазақстан халқы Ассамблеясын құруға ұйытқы болды. Сол сәттен бастап олардың арасында туындаған кез келген шиеленіс келіссөз үстелінде шешілді.

Сонымен қатар ол Елбасының қазақ мемлекетінің шекарасын шегендеп, көрші елдермен ортақ келісімге келе алған ерлігін де айрықша атап өтті.

«Нәтижесінде бүгінде Қазақстан шекарасы бүкіл өн бойында толықтай делимитацияланды», - деді Талғат Қалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT