Елбасының бес бастамасы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының барлық бес бастамасы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қолданбалы зерттеулер институтының директоры Айгүл Көшербаева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Менің ойымша, Мемлекет басшысы атап көрсеткен бес бастаманың барлығы өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Өмір сапасы дегеніміз - ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі компоненттерінің бірі. Қазақстан бәсекеге қабілетті болып, дамыған 30 елдің қатарына енуі керек", - деді Айгүл Көшербева ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтында Елбасы бастамаларын талқылауға арналған жиында.

Сарапшының айтуынша, өңірлерде халықтың баспанаға қолжетімділік деңгейі әртүрлі.

"Кей өңірлерде бір адамға 22 шаршы метр баспанадан келеді, ал кей өңірлерде бұл көрсеткіш 15 шаршы метрге дейін төмендейді. Егер қолжетімді баспана бастамасы сапалы жүзеге асырылса, халықтың басым бөлігі пәтерге қол жеткізіп, өз жағдайын дұрыстай алады", - дейді А. Көшербаева.

Соңғы жаңалықтар