Елбасының бастамасымен тағы 20 мың білім гранты бөлінді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстанда техникалық мамандарды көбірек даярлау мақсатында қосымша жоғары білім гранттары бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының үшінші әлеуметтік бастамасы бойынша жоғары оқу орындарына қосымша 20 мың грант бөлінді. Гранттар жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы жуырда ғана аяқталды, 68 мың адам грантқа ие болды. Бұл өте жақсы», - деді Қазақстан Президентінің Бес әлеуметтік бастамасын іске асыруды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Бақытжан Жұмағұлов Павлодарда «Нұр Отан» партиясының облыстық активінің отырысында.

Қосымша гранттар негізінен техникалық мамандықтарға бағытталған.

«Бұл жаңа экономикада қажеттілік байқалатын мыңдаған мамандарды даярлауға септігін тигізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында толық айтқан болатын», - деді Б. Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар