+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елбасының атына Түркия Президентінен жеделхат келіп түсті

2020 жылғы 19 маусым 12:08
Бөлісіңіз:
Елбасының атына Түркия Президентінен жеделхат келіп түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғаннан жеделхат келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Режеп Тайип Ердоған Қазақстанның Тұңғыш Президентіне тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Сырқаттанып қалғаныңызды өкінішпен естідім. Алладан шипа беруін тілеймін. Үнемі жеңіспен еңсерген күрестердегі сынды бұл сынақты да жігеріңізбен артқа тастайтыныңызға кәміл сенемін.

Қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда қолымыздағы барлық мүмкіндігімізбен жаныңызда екенімізді жеткізгім келеді.

Сізге деген терең құрмет пен сүйіспеншілік сезімімен жеке өзім және барша түрік халқы атынан тезірек сауығып кетуіңізді шын жүректен тілеймін», - делінген жеделхатта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT