Елбасының атына несиелік оқу жүйесі бойынша білім алған азаматтан хат түсті

None
None
АНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мен несие жүйесі бойынша жоғары оқу орнында білім алдым. 2000 жылы Алматыдағы  Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетіне түскенімде аталған оқу орнының деканы несие жүйесі бойынша білім алған түлектер жұмыспен толық қамтылады деп уәде беріп, оқу аяқталғаннан кейін оқу ақысын төлей бастайтынымызды құлақтандырған болатын.  

 Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей желі арқылы халықпен тілдесуіне орай жұмыс істеп жатқан Байланыс орталығына хат жолдаған Лаура Тасмағамбетова осылай жазады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Мен аталған университетті 2004 жылы тәмамдадым. Жоғары оқу орнында оқып жүрген кезімде келісімшарт негізінде ешқандай төлем жасамадым. Таяуда маған ҚР Білім және министрлігінен  4 жылғы оқуыма жалпы сомасы 300 мың теңге көлемінде несие төлеуім қажеттігі туралы хат келді. Президент мырза, Сізден аталған соманы төлеу үшін менің жұмысқа орналасуыма қол ұшын беруіңізді өтінемін. Себебі 2004 жылдан бері жұмыс таба алмадым. 1 бала тәрбиелеп отырмын», депті хатында.

 Айта кетейік, 1999 жылы енгізілген несиелік оқу жүйесі бойынша бірнеше мыңдаған жас білім алды. Қазіргі уақытта олардың көпшілігінің нақты жұмыс орындарының болмауынан немесе басқа да себептермен аталған қаражатты қайтармай отырғаны да шындық. Осы орайда, бұл сауал несие жүйесі бойынша бітірген көптеген азаматтар үшін аса маңызды.

Соңғы жаңалықтар