Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде айтылғандай, әркім жарық дүниенің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін білуі керек - А.Дәулетов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде айтылғандай, әркім мынау жарық дүниенің, нұр сәуленің, жарқын тіршіліктің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін білуі керек.

Бұл туралы Ақмола облысында тұратын ҰОС ардагері Асылбек Дәулетов пікірін білдірді.

Ардагердің айтуынша, Вашингтон қаласында өткен IV Ядролық қауіпсіздік саммиті жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысып, «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінің жариялауы, онда айтылған мәселелер кез келген адам баласын ойландыратыны сөзсіз.

«Бүкіл адамзатты, бүкіл ілгерілеушілікті күйрететін соғыс. Тарихтан белгілі, соғыс ашып, әлемді жаулап алмақ болған мемлекеттердің ешқайсының әрекеті жүзеге асып, жеңіске жеткен жоқ. Осы күні соғыстың қаншалықты қайғы-қасірет әкелетінін түсінетін уақыт жеткен сияқты. Оны Отан үшін отқа түскен бүгінгі ардагерлер жақсы біледі. Араға 70 жылдан астам уақыт өтсе де, миллиондаған жазықсыз адамдардың өмірін жалмап кеткен қанқұйлы соғыс күні бүгінгідей көз алдымда. Сондықтан Елбасының «Әлем ХХІ ғасыр» манифесінде айтылғандай, әркім мынау жарық дүниенің, нұр сәуленің, жарқын тіршіліктің адамзат үшін қаншалықты қымбат екендігін білуі керек. Бейбітшілік шуағына малынған қас қағым сәтке жететін қазына болмайтын шығар, сірә. Сондықтан да, осы жарқын күндерімізді кемел келешекке ұластыру үшін бейбіт заманның қадір-қасиетін жан-дүниеңмен ұғынсаң ғана, ет жүрегіңмен сезінсең ғана осынау ұлы іске өз үлесіңді қоса аласың. Біздің ұрпағымыз соғыс дейтін сұрапыл сөзді естімесін. Адам баласы үшін ғасырлар бойы қан төгіспен келген бейбітшілікті сақтап қалудан басқа арман жоқ», - дейді ардагер.

Соңғы жаңалықтар