Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындаған. Бұл пікірді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Асқар Жаркенов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Елбасының әлемдегі соңғы саяси оқиғаларға байланысты адамзатқа жолдаған арнайы құжаты саналады. Мемлекет басшысы айтқандай, соғыстың тамырына балта шабу адамзаттың ең күрделі міндеті. Манифестке сәйкес, Елбасы мемлекет басшыларын «21 ғасыр соғыссыз әлем» атты кең ауқымды бағдарламаны бекітуге, өзін-өзі демилитаризациялау жағына қарай батыл қадам жасауға шақырады. Олай болмаған жағдайда ғаламшар радиактивті материалдың зор үйіндісіне айналады»,- деді ол.

Комитет басшысы өз сөзінде 2015 жылдың 7 желтоқсанында өткен БҰҰ Бас ассамблеясында Қазақстан бастамасы бойынша ядрлық қарудан азат әлем құру туралы жалпыған ортақ декларация қабылдағанын ескен салып өтті.

«Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесі 21 ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Бүгінде қарусыз бейбітшілікті сақтау - адамзаттың жаһандық проблемалары арасындағы негізгі басымдық. Бұл тұрғыда Қазақстанның ғылыми ұйымдары іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргізу кезінде маңызды рөл атқарады»,- деді Жаркенов.

Айта кетейік, елордадағы Ұлттық кітапханада ҚР Тәуелсіздігің 25 жылдығына арналған «Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі: Орталық Азиядағы өңірлік бірегейлік пен қауіпсіздік» атты Орталық Азиялық халықаралық ғылыми-сарапшылық кеңестің отырысы өтуде.

Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, отандық және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Корея елдерінің сарапшылары қатысуда.

Соңғы жаңалықтар