Елбасының АҚШ-қа алғашқы сапарының архивтегі видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Телерадиокешенінің Фейсбуктегі парақшасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапарының архивтегі видеосы жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапарының алдында ҚР Президенті Телерадиокешені сіздер үшін Мемекет басшысының Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапарынан видеоматериал әзірледі. Естеріңізге сала кетейік, 1992 жылы Елбасы бірқатар келісімдерге қол қойған еді. Ол кейін ел экономикасының қарыштап дамуына септігін тигізген болатын», - делінген хабарламада.

Бұған дейін де Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 1992 жылы мамыр айында АҚШ-қа жасаған тұңғыш сапарынан бейнематериал жариялаған болатын. Онда Нұрсұлтан Назарбаев үлкен Джордж Бушпен Қазақстанның алғашқы инвесторларының бірі - "Шеврон" компаниясымен келісімге қол қою мәселесін талқылап отырғаны бейнеленген. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барады. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Соңғы жаңалықтар