Елбасының ағымдағы жылғы жолдауы Қазақстанда ғана емес, шетелдердің беделді сарапшылары арасында да үлкен резонанс тудырды - Юрий Солозобов

None
None
амыздың 31-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елбасының ағымдағы жылғы жолдауы Қазақстанда ғана емес, шетелдердің беделді сарапшылары арасында да үлкен резонанс тудырды. Бүгін елордадағы Ұлттық кітапханада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ағымдағы жылғы жолдауына арналған «Стратегический План - 2020: Казахстанский путь к Лидерству» атты жаңа кітаптың таныстырылымы барысында РФ Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов осылай мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Жолдау туралы кітап ресейлік жетекші экономистер, тарихшылар, саясаттанушылар ұжымымен әзірленген.

«Осы жобамен жұмысты қолға алған алғашқы кезеңде біршама қобалжығаным да рас. Өйткені, маған ең алдымен ресейлік сарапшыларды Н. Назарбаев Жолдауын терең зерделеуге көндіру қажет болатын. Расында, Ресейде сарапшылардың басым бөлігі өз президентінің жолдауын оқуға да ілтипатты емес. Ал көрші елдің Президентінің стратегиялық жоспарларын біздің сарапшыларға жолдаған кезімде, маған қаптаған электронды хаттарға жауап беруіме тура келді. Сөйтсем, Елбасы Н. Назарбаевтың ағымдағы жолдауы Қазақстан ішінде ғана емес, одан тысқары жерлерде, оның ішінде ресейлік сарапшылар қауымдастығында да зор резонанс тудырыпты», - деді белгілі ресейлік саясаттанушы, РФ Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов. Оның айтуынша, беделді ұйымдар тарапынан жоғары бағаланған Президент жолдауының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, жолдау қарапайым, ұғынықты тілмен жазылған. Бірқатар мамандар, осыншалықты сараланған, тиянақты есептеліп, жинақы жазылған жолдауды басқадан кездестірмеген. Екіншіден, қазіргі жағдай шикізаттық емес индустриалды дамуға қатысты көптеген елдерде пікірталастың өрбіп тұрған кезеңі.

Соңғы жаңалықтар