+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Елбасының 5 институционалды реформасы қоғамның жаңғыруына үлкен серпін берді - Рахым Ошақбаев

2020 жылғы 23 қараша 12:21
Бөлісіңіз:
Елбасының 5 институционалды реформасы қоғамның жаңғыруына үлкен серпін берді - Рахым Ошақбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасының 5 институционалды реформасы қоғамымыздың жаңғыруына үлкен серпін берді. Бұл туралы «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевпен телефон арқылы сөйлесті

«Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қандай стратегияның барынша тиімді екендігіне қатысты тиктаникалық өзгерістер болды. Меніңше, бұл өзгерістер ел ішінде, сарапшылар арасында сыртқы контурада өте жақсы қабылданған Елбасының 5 институционалды реформасының арқасында 2015 жылдан басталды»,- деді ол IX Азаматтық форум аясында өтіп жатқан «Азаматтық қоғам жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы алаңда.

Оның айтуынша, аталған 5 реформада заң үстемдігі, біртектілік және бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру сынды маңызды түсініктерге арқа сүйей отырып, инклюзивті институттар құру туралы сөз болды.

«Сонымен қатар инклюзивті экономикалық өсім сынды түсінік және осы идеологиялық тұғырнама аясында өте нақты әрі түсінікті тренд қалыптасты. Оның аясында ашықтық, транспаренттілік және есеп беретін мемлекет трендтері жүзеге асырылып жатыр. Оны түрлі мемлекеттік органдар, әртүрлі шенеуніктер әрқилы жылдамдықпен қабылдағаны сөзсіз. Дегенмен, мемлекеттік органдар, билік белгілі бір деңгейде халықтың сұранысына орай әрекет етіп жатыр. Жалпы, 5 институционалды реформа қоғамымызды жаңғыртуда Қазақстанға үлкен серпін бергенін көріп отырмыз»,- деді Рахым Ошақбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT