Елбасын Түркияда салтанатты қарсы алу рәсімінде атты әскер ілесіп жүрді

АНКАРА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары кезіндегі салтанатты қарсы алу рәсіміне қатысты видео жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Еске сала кетсек, 13 қыркүйекте Анкарада Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті.
Елбасын Түркия Президентінің кешенінде қарсы алуда зеңбіректерден дүркін-дүркін оқ атып құрмет көрсетілді. Екі елдің әнұрандары орындалды, Президенттер құрметті қарауыл сапының алдынан өтті. Екі елдің басшысының алдында Президент ұланымен бірге сауыт киген жауынгерлер де тұрды.
Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қазақстан мен Түркия президенттері арасында келіссөз өтті. Кездесуде мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.
- Елбасы: Үкімет отставкаға кетуі керек деп санаймын
- Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгерістер енгізілді
- Нұрсұлтан Назарбаев сот жүйесін жаңғырту жөніндегі заңға қол қойды
- Түркияда 5 балдық жер сілкінісі болды
-
ҚР Президенті Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті
-
Елбасы Ахметжан Есімовті қабылдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам