+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды

2019 жылғы 6 маусым 11:11
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Сенат тарихында ерекше күн болып отыр. Өткен аптадағы палата отырысында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын сенаторлар бірауыздан қолдап, тарихи шешім қабылдады. Сенат бюросы қабылдаған «Құрметті Сенатор» мәртебесі туралы ережеге сәйкес, маған арнайы төсбелгі мен куәлікті Сізге Сенат атынан тапсыру жүктеліп отыр», - деді Парламент Сенатының спикері Дариға Назарбаева.

null

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айының соңында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілген болатын.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін мойындай отырып, ҚР Парламенті Сенаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешімді қабылдады.


null
null
null
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT