+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Елбасына «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді

2019 жылғы 30 мамыр 10:14
Бөлісіңіз:
Елбасына «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімінде Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құметті Сенатор» мәртебесін беру жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Мемлекет басшысының ұсынысын қолдай отырып, Сенат бюросының мүшелері «Құметті Сенатор» мәртебесі туралы ереже бекітті. Ережеге сәйкес, «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру жөнінде шешім Сенат отырысында қабылданады», - деп түсіндірді Сенат төрағасы Дариға Назарбаева.

Өз кезегінде сенатор Талғат Мұсабаев Қазақстан парламентаризмін дамыту үдерісі Елбасының ақылға салынған саяси стратегиясының нәтижесі болып отырғанын атап өтті.

«Биліктің барлық тармақтары арасында тепе-теңдік жүйесін құру арқылы ел Парламенті тек заң шығару тетігіне ғана емес, мемлекеттің орнықты дамуына бағытталған мақсаттарына да жауап беретін беделді мемлекеттік орган болды. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы ұсынылған идеяны уақытылы және дұрыс деп санаймын», - деді Т. Мұсабаев.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негіздерін қалыптастырудағы, сондай-ақ отандық парламентаризмді орнықтырудағы және дамытудағы сіңірген тарихи еңбегін, Конституцияны, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге, елдің стратегиялық даму бағдарын айқындауға қосқан аса зор үлесін мойындай отырып, ҚР Парламенті Сенаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» мәртебесін беру туралы шешімді қабылдады.

«Бүгін біз тарихи шешім қабылдадық. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Құметті Сенатор» мәртебесін беру - Елбасының жаңа Қазақстанды қалыптастыру мен дамытуға қосқан тарихи үлесі мен Қазақстан қоғамын топтастыруға сіңірген орасан зор еңбегіне берілген әділ баға мен құрмет деп санаймын», - деді Сенат спикері Д. Назарбаева.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT