+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына дайындық барысы баяндалды

2019 жылғы 18 қыркүйек 19:04
Бөлісіңіз:
Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына дайындық барысы баяндалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАпарат сайтына elbasy.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус салдары әлемдік экономикаға әсер етпей қоймайды - сарапшы Елбасы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі қызметі мен жұмыс жоспарлары жайлы ақпарат берілді.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық мүшелеріне мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

– Қазақстан – полиэтникалық мемлекет. Бұл тарихи қалыптасқан дүние. Тәуелсіздік алғаннан бері біздің көпұлтты халқымыз бейбітшілік пен өзара түсіністікте өмір сүріп, мемлекетіміздің өркендеуіне белсенді атсалысып жатыр. Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің барлық этностарын біріктіреді. Мен Ассамблеяға және бүкіл Қазақстан халқына осы жылдар ішінде саясатымды қолдағаны және біздің елімізді нығайтқаны үшін өте ризамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті өңірлерде ҚХА жұмысының тиімділігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

– Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы ретінде жұмысқа белсенді қатысуға, барлық істерде Ассамблеяны қолдауға және оның жұмысын жергілікті жерлерде күшейтуге ниеттімін. Қазақстан халқы Ассамблеясына қоғам өміріне белсенді түрде араласуды әрі қарай жалғастыру маңызды, – деді Елбасы.

Өз кезегінде Ж.Түймебаев елдегі ұлтаралық келісімді нығайту бойынша іс-шаралардың орындалу барысы және Қазақстан халқы Ассамблеясының гуманитарлық акциясы аясында қабылданған шаралар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ, Елбасына 2020 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына дайындық барысы туралы мәлімет ұсынылды.

Кездесу соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT