Елбасын Президенттікке ұсыну бірден-бір дұрыс шешім деп есептеймін - М.Мұхтар, БҚО

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының атынан Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттікке үміткер ретінде ұсынылуы бірден-бір дұрыс шешім деп есептеймін. Бұл елдің амандығы, берекелі тірлігі, тыныштығы, өркендеуі үшін, бір ананың баласындай, бір қолдың саласындай бірігуі қажет. Бұл туралы Ақжайық ауданындағы Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Мәлік Мұхтар мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде қазақ қазақ болғалы төрт құбыламыз түгел, мықты елге айналуда. Осы орайда Елбасымыздың еңбегі ерен. Бұл жөнінде съезд делегаттары орынды айтып өтті. Әсіресе, Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңмен өрілген сөзі айрықша әсер етті.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Нұрсұлтан Әбішұлы өз елін алға қарай сеніммен бастап келеді. Бұған бүкіл халық куә. Алда атқарылмаған міндеттер қанша, ендеше, оны Елбасымыздың бастауымен еңсергенге не жетсін. Айталық, бір ғана «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдаудың өзінде дамудың дара бағыттары көрсетілген. Жолдауда айтылған қадау-қадау мәселелер шешімін тапқан кезде еліміздің даму қадамы қарыштай түсетін болады. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ жұмысы кедір-бұдырсыз жолға түсуі тиіс. Еліміз дүниежүзілік сауда ұйымына енетін уақыт та алыс емес.

Жаңа экономикалық саясат бойынша, мысалы, биыл кәсіпкерлікті несиелеуге, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша да қаржының жылдағыдан еселеп бөлінуінің өзі неге тұрады. Өз аймағымызда, өз ауданымызда толымды істер қаншама! Апта, ай сайын жаңа ірі өндіріс ошақтарының ашылуына да көзіміз үйренді.

Міне, осындай игі өзгерістер үстіндегі еліміз үшін биылғы мерекелі жылдың зор қуаныштарымен бірге президенттік сайлау кезеңі келді. Тәуелсіздік жылдарына көз жіберсек, мұндай науқан береке-бірлігімізді одан сайын өркендеткеніне жүздеген мысал айтуға болады. Және сайлауалды кезеңде Елбасы қандай мақсат-мұраттар айтты, соның бәріне қол жетіп келеді. Немесе «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жариялаған кезде Нұрсұлтан Әбішұлы жаһан бойынша 10 қатерді санап тұрып көрсеткен еді. Әлем сол қауіптерді сезініп те жатыр. Осындайда біздің Елбасымыздың алдағыны көре білетініне, тиісті қандай шешімдер қабылдау қажеттігін тез байқайтынына бір жағынан таңданасың да. Дағдарыс толқынын біздің айтарлықтай сезінбеуімізге соның алдын алған мемлекеттік бағдарламалар жәрдемдесуде.

«Мен де Тұңғыш Елбасымыз, халқы үшін еңбегі әлемге аян, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ең лайықты үміткер деп санаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы - тұрақтылықтың, ынтымақтастықтың биік үлгісі. Тәуелсіздіктің басынан бері Қазақстан мен Назарбаев - тел ұғым. Барша қазақстандықтарды осы ұсынысымды толық қолдауға шақырамын», - деді М.Мұхтар.

Соңғы жаңалықтар