Елбасымен тікелей желіге байланысты түскен арыз-шағымдар ескерусіз қалмайды - БҚО прокуратурасы

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасымен тікелей желіге байланысты БҚО тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар ескерусіз қалмайды.

Облыс прокуратурасынан ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, тұрақты жүргізілген мониторингке сәйкес қарашаның 19-ына дейін заңдылық пен құқық тәртібіне қатысты азаматтардың 27 арыз-шағымы тіркелген. Бұлардың 10-ы - қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот шешімдерімен келіспеушілік, алтауы - полиция қызметкерлері мен қылмыстық қудалау органдарының заңға қайшы іс-әрекеттері мен шешімдері, төртеуі - сот шешімдерінің орындалмауы, жетеуі әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелердің заңдылығына байланысты.

Мемлекет басшысына жолданған осы хаттардың бәрі де бақылауға алынып, облыс прокуроры Жақсылық Байтұқбаев азаматтарды жеке қабылдауда.

Соңғы жаңалықтар