#Elbasyjanemen хештегімен 500-ге жуық фотосурет жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш президенті күніне арналған «Елбасы және мен» республикалық фотобайқауына өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әсіресе жастар жобаға үлкен қызығушылық танытып отыр. #elbasyjanemen хештегімен 446 пост жарияланған.

«Әрбір жазбаның өзіндік ерекшелігі бар. Жастар Елбасымен алғашқы кездесуі туралы, қобалжу мен кеудені кернеген мақтаныш сезімі туралы жазған. Бірге түскен фотосуреті жоқ болса да, кей жастар Президенттің портретімен суретке түскен. Барлық өтінімді арнайы комиссия қарайды», - деп хабарланды елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Әкімдіктің хабарлауынша, байқауға әзірге 125 қатысушы тіркелген.

Еске сала кетсек, 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған байқауға Елбасымен бірге түскен фотолар 2018 жылдың 14-30 қарашасы аралығында қабылданады.

Байқау шарты бойынша, қатысушы Елбасы Н.Назарбаевпен түскен суретін өзінің Instagram  парақшасына #ElbasyJaneMen хештегімен жариялап, кездесуден алған әсерін жазуы тиіс.

Сонымен қатар, Қоғамдық даму министрлігінің @kdm.gov.kz және министрлікке қарасты жастар және отбасы істері комитетінің @kdms.gov, сондай-ақ, Астана қаласының қоғамдық даму жөніндегі басқармасының @qogamdyk_damy_astana атты Instagram парақшаларына тіркеліп, өз парақшасында оларды белгілеуі керек.

ҚР Қоғамдық даму министрлігінің телеграм-каналында ең көп дауыс жинаған фотосурет иесі байқау жеңімпазы атанады. 

Фотобайқау нәтижесі 1 желтоқсан күні Астанадағы ірі сауда орталықтарының бірінде жарияланады. Жеңімпаздарға Іphone x, Іpad және тағы басқа бағалы сыйлықтар беріледі. Одан бөлек, әділқазы алқасының таңдауымен үздік деген 50 фото арнайы көрме галереясына қойылады.

Соңғы жаңалықтар