USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

«Елбасы жылуы» қайырымдылық жобасы 15 шілдеге дейін жалғасады

2021 жылғы 6 шілде 20:18
Бөлісіңіз:
«Елбасы жылуы» қайырымдылық жобасы 15 шілдеге дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің түкпір-түкпірінде «Елбасы жылуы» қайырымдылық жобасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау көрсеткіші жоғары Қазақстандағы ең мейірімді оқу орындары марапатталды Еліміздегі ең жас волонтер Алматы облысында тұрады

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының бастамасымен ұйымдастырылған шара Тараз, Талдықорган, Орал қалалары мен Алматы және Ақмола облыстарында да қолға алынып, 1000 отбасыны қамтыды.

Іс-шара аясында мұқтаж отбасыларға ұн, картоп, жеміс, күріш, қарақұмық, шәй, қант, күнбағыс майы сияқты азық-түлік пен гигиеналық заттар берілді.

Қайырымдылық шарасына іліккен әр отбасы 130 келіге дейін тауар алып отыр.

«Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Дегдар» қайырымдылық қоры қажет тауарларды Ақмола, Алматы облыстарының аз қамтылған тұрғындарына және Тараз, Талдықорған қалаларында тұратын әл-ауқаты төмен жандарға жеткізіп үлгерді. Короновирус пандемиясы кезінде көп адамдар жұмыстарынан айырылып қалды. Көп отбасылардың жалақасы белгілі бір мөлшерде қысқарып, бұл жағдай олардың әлеуметтік әл-ауқатына тікелей әсер етті. Осы орайда біз «Елбасы жылуы» идеясын қолға алып, оны қарқынды жүзеге асырудамыз. Бұл қайырымдылық іс-шара шілденің 15-іне дейін жалғасын табады», - дейді Нұрсұлтан Назарбаев қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

«Дегдар» қорының директоры Лаура Ахметова болса, «Елбасы жылуы» жобасының әлеуметтік мән-маңызы зор екенін айтып отыр.

«Жалпы, бұл акция екінші рет өткізіліп жатыр. Алғаш рет жоба осы жылдың сәуірінде ұйымдастырылған еді. Осы уақыт аралығында біз бұл жобаның қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткіздік. Біз әрдайым қамқорлыққа мұқтаж, жүрек жылуына зәру жандарға көмектесуга дайынбыз»,- деді қор жетекшісі.

Әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға таратылатын азық-түлік тауарларының жалпы салмағы – 120 тонна.

Жобаға Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Дегдар» қайырымдылық қорынан бөек LIDER KZ волонтерлік қозғалысы атсалысып жүр.

Айта кетейік, мамыр айында осы жоба аясында Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT