Елбасы жылуы: Алматыда тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы аясында Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы мүшелері тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық өкілдері 40 отбасына азық-түлік жиынтығын таратты. Атап айтар болсақ, онда ұн, күріш, макарон өнімдері, күнбағыс майы бар.

«Біз Наурызбай ауданының тұрғындарына азық-түлік өнімдерін тараттық. Болашақта біз бұл акцияны тұрақты түрде жалғастырамыз. Іс-шара осы аудан әкімдігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі және Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Долкунтай Абдулхалилдың ұйымдастыруымен өтті», - деді Наурызбай аудандық этномәдени орталығының жетекшісі Бақтияр Исмаилов.

Айта кетейік, 30 сәуір күні ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы басталған еді.


Соңғы жаңалықтар