«Елбасы жолы Астана» фильмі көкшелік көрермендердің көңілінен шықты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Елбасы жолы Астана» фильмінің алғашқы көрсетілімі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар» мəдениет сарайында көрсетілген туындыны тамашалуға көпшілікпен бірге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова келді.

Белгілі режиссер Ақан Сатаев түсірген фильмде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ХХ және ХХІ ғасыр айырығында тұңғыш бой көтерген Елорданың болашағы жөніндегі толғаныстары  шынайы көрініс тапқан. Тәуелсіздік алған тұстағы экономикалық қиындықтар, жұмыссыздық, Президент айналасындағылардың алдағы күнге деген сенімсіздігі кинода айқын бейнеленген.null 

Фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін белгілі актер Мұрат Ақманов сомдаса, дауысын Ерлан Қасымжанұлы айнытпай салды.

Тариx xронологиясына сүйене отырып, нақты даталармен және сол тұста түсірілген видеомен көркемделген фильм көкшелік көрермендердің көңілінен шықты.

Соңғы жаңалықтар