Елбасы Жолдауында тұтынушылар құқығын қорғауға баса маңыз берілген - Нұрсәуле Мұсаева

None
None
  ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары елімізде тұтынушылар құқығын қорғау мәселесі белсенді жүзеге асырылып келеді. Бұл мәселе Елбасының биылғы Жолдауында да атап көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрсәуле Мұсаеваның айтуынша, бұған дейінгі Жолдауларда елді саяси және экономикалық тұрғыдан жаңғыртуға назар аударылды. Ал биылғы Жолдауда қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі негізгі басымдыққа айналып отыр.

«Келесі жылдан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитеті жұмысын бастайтын болады. Бүгінде халық тұтынып отырған затының сапасына аса мән бермейді. Тұтынатын заттың сапасын көтеру арқылы адамдарың өмір сүру сапасын жақсартуға болады. Менің ойымша халықтың әл-ауқаты 2 нәрсеге мән берген жағдайда әлдеқайда жақсарған болар еді. Өзімізден шығып жатқан өнімдерді сапалы өндіріп, сол өнімдерді қайтадан өзіміз дұрыс пайдалана білуді үйренген жағдайда; өнімдерді, тауарларды, қызмет түрлерін пайдалануда тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жолға қойғанда. Әр адам осы Жолдауды оқып, өзіне қажетті тұстарын «Мен не істей аламын?», «Отбасымның, көрші-көлемнің, жалпы халықтың өмір сүру жақсартуға қалай үлес қосамын?» деген сұрақтарға жауап іздей отырып, алған білімін өмірлік тәжірибеде тәжірибеде іске асыра білуі керек деп ойлаймын», - деді Н.Мұсаева.

Соңғы жаңалықтар