Елбасы Жолдауына арналған ресейлік жетекші экономистер, саясаткерлерінің «Стратегический План - 2020: Казахстанский путь к Лидерству» атты жаңа кітабы таныстырылды

None
None
амыздың 31-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін елордадағы Ұлттық кітапханада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың ағымдағы жылғы жолдауына арналған «Стратегический План - 2020: Казахстанский путь к Лидерству» атты жаңа кітаптың таныстырылымы болып өтті. Кітап құрамына ресейлік жетекші экономистер, тарихшылар, саясаттанушылар кірген авторлар ұжымымен әзірленген.

Кітапта авторлар еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындаған Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына тиянақты сараптама жасайды. «Күні кеше Қазақстан Конституциясының мерейтойлық мерекесі болып өтті. Тәуелсіз Қазақстан дамуының 20 жылдығы, Конституцияның 15 жылдығы бұл - тамаша жетістіктерді, қол жеткен табыстарды саралайтын кезең. Біз кешегі күні салтанатты шеруді тамашалап, одан зор әсер алдық. Шындығында, бұл шеру өзіне сенімді қуатты, өз егемендігін сөзбен ғана емес ісімен де қамтамасыз ете алатын мемлекетті көрсетті. Алайда, тәуелсіз мемлекеттің егемендігі тек әскерімен ғана қорғалмайды. Бұндағы басымдық мықты, қуатты экономикаға да салмақ салады. Сонымен бірге, елдің егемендігі жемісті стратегиялық мақсаттарды бағдарлай білуіне де негізделеді. Яғни, жоғарғы билік бүгін ғана емес, ертең, бүрсігүні, 20-30 жылдан кейін не істейтінін дұрыс болжауы тиіс», - деді белгілі ресейлік саясаттанушы, РФ Ұлттық стратегиялар институтының халықаралық жобалар жөніндегі директоры Юрий Солозобов.

Расында, ағымдағы жылғы Елбасы Жолдауы Қазақстанның өз ішінде ғана емес, шетелдерде де кең резонанс тудырғаны белгілі. Мамандар бүгінгі жарыққа шыққан туындыны соның бір дәлеліне балайды. Ал кітаптағы ресейлік ғалымдардың мақаласында Қазақстанның бұдан кейін де қарқынды дами түсетініне зор сенімділік білдіріледі.

Сонымен бірге, бұл басылым Ресейдің Қазақстан дамуына да қызығушылықпен қарап, баса назар аударып отырғанын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар