Елбасы Жолдауы жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат - Түймебаев

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгін жарияланған Елбасының Жолдауын бірлесе жүзеге асыруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолдаудағы әрбір он бағытқа жеке тоқталған аймақ басшысы  Мемлекет басшысының бұл саяси құжаты төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындап бергенін айтты.

«Алғашқы бағыт бойынша өңірде 11 индустриялды аймақ пен бір арнайы экономикалық аймақтың әлеуетін барынша тиімді жүзеге асыруымыз керек. 2017 жылы индустриялды аймақты дамытуда 9,4 млрд теңгені құрайтын 13 жоба жүзеге асты. Жасыл экономиканы дамыту аясында облыста жүзеге асырылатын 26 жоба енді жаңа бағытта қарқын алатын болады»,- дейді аймақ басшысы.

Жансейіт Түймебаевтың сөзінше, Жолдаудағы үшінші міндет «Ақылды технологиялар» бойынша жаңа технологиялар енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Ал, Мемлекет басшысының айтқан төртінші бағыты, яғни,  көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру  өңірді көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптастыруға және Қазақстанның аумағы арқылы айналымды ұлғайтуға ықпал етеді.

«Қазақстандықтардың ең өзекті әлеуметтік проблемасы - баспана болса, биыл Оңтүстікте 245 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүрзіліп, оның 91-і немесе  4 733 пәтер пайдалануға берілді. Осы жылы тағы да 100 көпқабатты үй құрылысы басталады. Дамудың 10 бағытын айқындаған Елбасы Жолдауы - жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат болып табылады»,- дейді Жансейіт Қансейітұлы.

Өңір басшысы саяси құжатты түсіндіру және насихаттау жұмыстары бойынша желілік кесте, медиа-жоспар жасауды тапсырды. Сонымен қатар, әкім барлық деңгейдегі әкімдер мен халық қалаулыларын, ардагерлер және қоғамдық ұйымдар мен сала белсенділерін халық арасында насихаттау жұмыстарына, негізгі  басымдықтарының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырды.

Айта кетейік, бүгін ҚазақстанРеспубликасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар