+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

2020 жылғы 16 қаңтар 18:11
Бөлісіңіз:
Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында сот жүйесіндегі реформаларды іске асыру аясында қабылданған іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті азаматтардың соттарға деген сенімін одан әрі арттыру жұмыстарының маңыздылығын айта келе, соттардың мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше орын алатындығын атап өтті.

«Азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мәселелері күн тәртібінде әрдайым өзекті болып қала береді. Бұл бағытта біраз жұмыс істелді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында осы саланың дамуына ерекше көңіл бөлінген. Көзделген міндеттер орындалып жатыр, көрсеткіштер жаман емес. Соттарға деген ел сенімі артып келеді», - деді Елбасы.

Өз кезегінде Ж.Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа судьяларды аттестаттау нәтижелері, сот актілерінің сапасын жақсарту және судьяларға жүктемені азайту бойынша қабылданған шаралар туралы айтып берді.

«Біз жаңа әдісті қолдана отырып, судьяларды аттестаттауды бастадық. Аттестацияға қатысқан 377 судьяның 11 пайызы өте алмады. Жыл соңына дейін тағы 260 судья аттестациядан өтеді. Осылайша, 2021 жылы судьялардың 84 пайызы тексеріледі», - деді Жоғарғы Соттың төрағасы.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті сот жүйесінің тиімділігін арттыру мәселесі көптеген мемлекеттер үшін өзекті екендігіне назар аударды.

«Соттарға деген көзқарас өзгеруде. Дегенмен, әлі де біраз жұмыс атқару керек. Бұл мәселемен біз ғана айналысып жүрген жоқпыз, басқа да елдер оған ерекше көңіл бөліп отыр», - деді Елбасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT