Елбасы Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы cот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сілтеме жасап.

Кездесу барысында соттар мен жалпы сот жүйесін реформалау нәтижелері талқыланды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті заң үстемдігін қамтамасыз ету және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

- Жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс. Бүгінгі таңда судьялар алдында күрделі міндеттер тұр. Халық әділдік іздеп сотқа жүгінеді. Ең бастысы – сот әділдігін қамтамасыз ету. Барлығы заң аясында болуы шарт, - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар