Елбасы: Жапония - Азиядағы маңызды серіктестеріміздің бірі

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстан Жапонияны Азиядағы маңызды серіктестердің бірі ретінде қарастырады. Бұл туралы бүгін қазақстандық «Архив-2025» бағдарламасын қолдау жөніндегі Жапония үкіметінің жобасымен танысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жолы Токиоға ел үкіметінің шақыруымен император Нарухитоның таққа отыру шарасына қатысу үшін келдім. Өткен жылдар ішінде құрметті император Акихитомен, жапон үкіметінің басшылығымен жылы адами қарым-қатынас орнағанын атап өте аламын. Құрметті император Акихито сияқты мен де осы жылы Мемлекет басшысы өкілеттігінен өз еркіммен бас тарттым. Біздің зааңнамаға сәйкес, маған Елбасы - Ұлт көшбасшысы болу мүмкіндігі беріліп отыр. Яғни, ТокиоғаТұңғыш Президент - Елбасы мәртебесінде алғаш рет келіп отырмын», - деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Хэнсей» дәуірінде Жапонияға сапарлар мен келіссөз барысында императормен және ел үкіметімен түрлі екіжақты және халықаралық мәселелерді талқылап, барлық уақытта ортақ түсіністікке келгенін атап өтті.

«Император Харухитомен де Қазақстан-Жапония қарым-қатынасы халықтарымыздың игілігі үшін жемісті дами беретініне сенімдімін. Қазақстан «кеңейтілген серіктестік» деңгейіне жеткен Жапонияны Азиядағы маңызды серіктестердің бірі ретінде қарастырады. Құжатқа Премьер-Министр Абэмен бірге қол қойған едік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар