+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Елбасы Жансейіт Түймебаевқа бірқатар тапсырма берді

2020 жылғы 25 ақпан 19:42
Бөлісіңіз:
Елбасы  Жансейіт Түймебаевқа бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасын қабылдады Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет - Нұрсұлтан Назарбаев Коронавирус салдары әлемдік экономикаға әсер етпей қоймайды - сарапшы

Кездесу барысында Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясының және өңірлік Достық үйлерінің жұмыс жоспарының орындалуы туралы ақпарат ұсынылды.

«1995 жылы біз көпұлтты мемлекетіміздің барлық азаматтарының құқықтарын қорғау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясын құрдық. Кейін Ассамблея конституциялық органға айналды. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз үнемі еліміздегі барлық этнос өкілдерінің теңдігін қамтамасыз еттік», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараты мәдени және ойын-сауық іс-шараларға емес, ең алдымен сараптамалық жұмыстарға баса мән беруі керектігін атап өтті.

«Біз 30 жылдың ішінде қазақстандықтардың бірлігі мен тұтастығының арқасында бүгінгі жетістіктерге қол жеткіздік. Көпұлтты мемлекет болуымыз – біздің артықшылығымыз», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы аппараты мен өңірлік өкілдіктерінің қызметін жандандыру үшін аудит өткізуді тапсырды.

Өз кезегінде, Ж.Түймебаев Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық қызметін күшейту және этносаралық қатынастар саласында зерттеулер жүргізу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Кездесу соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT