+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елбасы: Жалақысы төмен қазақстандықтарға салық 1 процентке дейін төмендейді

2018 жылғы 5 наурыз 12:23
Бөлісіңіз:
Елбасы: Жалақысы төмен қазақстандықтарға салық 1 процентке дейін төмендейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев төмен жалақы алатындарға салықтық жүктемені жеңілдетуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бірлескен отырыс барысында Елбасы «Бес әлеуметтік бастаманы» жария етті.

«Екінші бастама жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуға қатысты. Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салуды ұсынамын. Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек», - деді Мемлекет басшысы.

Президент осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет екенін қадап айтты.

«Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады. Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек", -деді Президент.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT