Елбасы: Жаһандық көші-қон процесін түбегейлі қайта ойластыру қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаһандық көші-қон процесін түбегейлі қайта ойластыру қажет.

Бұл туралы бүгін Астана клубының үшінші отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бақылаусыз жаһандық көші-қон да алаңдатпай қоймайды. Көші-қон процесі түбегейлі қайта ойластыруды талап етеді. Адамзат баласының бүкіл тарихында дәл мұндай айта қоярлықтай демографиялық дисбаланс  байқалған емес. Егер дамыған елдердегі халық саны 1  млрд адамды құраса, ал дамушы елдердің халық саны 6,5 млрд адам. Соңғы 25 жылда халықаралық көші-қон саны 2 есеге ұлғайып, бүгінде 250 млн адамға жетіп отыр. Бұған қоса, Халықаралық валюта қорының мәліметінше,  дамыған елдердегі көші-қон үлесі 5 пайыздан 10 пайызға дейін артқан.  Оның ішінде шамамен 66 миллионы босқындар және заңсыз көшіп-қонушылар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, адамдар негізінен кедейшілік пен соғыстардан қауіптеніп жаппай қоныс аударуға мәжбүр болуда.

«Бұл әлеуметтік  шиеленіске, қылмыстың артуына және жұмыссыздықтың күшеуіне әкеп соғады. Таяу Шығыс пен Африканың босқындар легі Еуропаны басып, әлеуметтік-саяси дағдарысты туындатты, ұлттық популистік және ашық ксенофобтық көңіл-күйді өршітті. Бұған қоса, Ливан, Иордания, Түркия сыны елдер үшін босқындарды асырауға аталған елдердің жалпы ішкі өнімінің 1,5-3 пайызы жұмсалады», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар