Елбасы ядролық соғыс жайында: Біреудің жеңілісі өзгенің жеңісі екендігін білдірмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіп-қатерге қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі әлемде біреудің жеңілісі екіншісінің жеңісі екендігін білдірмейді. Бұл көнерген түсінік әрі баяғыдан-ақ қазіргі заманғы шындыққа сай келмейді. Біз күш-жігерімізді біріктіру арқылы ғана жоғарыда атап өткен сын-қатерлерге қарсы тұра аламыз. Сондықтан ашық, әділ, тіпті қолайсыз болса да диалогтың болғаны маңызды. Астана клубымыз бүкіл Еуразия үшін жаңа идеялар мен шешімдердің генераторына айналарына сенемін. Біздің ой-пікірлеріміз бен шешімдеріміз, осынау ізгі мақсаттарымыз әлем тұрғындарының қолдауына ие болуы үшін барлық мемлекетке жеткізілуі тиіс», - деді Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан астанасында Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану жөніндегі жаһандық форум өткізуді ұсынғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар