+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Елбасы Владимир Зеленскиймен кездесті

2019 жылғы 22 қазан 14:00
Бөлісіңіз:
Елбасы Владимир Зеленскиймен кездесті

ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда тағы бір үлкен қала бой көтереді: Нұрсұлтан Назарбаев жаңарған Түркістанды аралады Елбасы отандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысымен танысты

Елбасы алдымен Зеленскийді Украина Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы күрделі жұмысына табыс тіледі. Украинаның әр күнін жіті қадағалап отыратындығын айтты.

«Президенттердің ішінде алғашқы болып зор сеніммен, 70 пайыздан астам дауыспен жеңіске жеттіңіз. Сіз қалаған дүниелеріңізді іске асыруға қазір мол мүмкіндігіңіз бар. Осы жолда сізге табыс тілеймін», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Зеленский елінде сапалы экономикалық серпілістерді жүзеге асыруға тырысып отырғанын айта келе таяуда Нью-Йоркте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін еске алды.

«Нью-Йоркте Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамен танысуға мүмкіндігім болды. Бізге, Украинаға, сапармен келуге шақырдым. Сіз де Украинада сан мәрте болған едіңіз. Осы мүмкіндікті пайдаланып өзіңізді Украинаға сапармен келуге шақырамын», - деді Зеленский.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жасаған сапары аясында Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездескен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT