Елбасы Владимир Шепельдің туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы белгілі мемлекет қайраткері Владимир Шепельдің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады elbasy.kz сайты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Владимир Николаевич Шепельдің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады. Елбасы В.Шепель өзінің ұзақ жылдарға созылған еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

«Ол әрдайым өзінің жоғары кәсібилігімен, табанды өмірлік ұстанымдарымен, адами қасиеттерімен ерекшеленетін. Владимир Николаевич Шепельдің жарқын бейнесі жұртшылықтың жүрегінде мәңгі сақталады» делінген жеделхатта.


Фото: 24.kz
Соңғы жаңалықтар