16:34, 30 Желтоқсан 2020 | GMT +6
Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Тараптар бір-бірін алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, екі елдің достас халықтарының игілігі жолында стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан Қазақстан-Ресей қатынастарының нығая түскеніне жоғары баға берді.