Елбасы валюталық бақылауға қатысты заңға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев валюталық реттеуді және бақылауды жетілдіруге бағытталған «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заңнаманы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiруге, сондай-ақ банк қызметі туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Аталмыш заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар