Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 360.71 EUR 411.53
RUB 5.38 CNY 52.62
Жаңалықтар

Елбасы Универсиадада ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі

2017 жылғы 25 қаңтар 11:41 2156
Бөлісіңіз:
Елбасы Универсиадада ел намысын қорғайтын спортшыларға сәттілік тіледі

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бүкіләлемдік 28-інші қысқы Универсиада додасында ел намысын қорғайтын спортшыларымызға сәттілік тіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті жас достар, спортшылар! Бүгін жастар үшін үлкен мереке. Еліміздің ең басты университетінде бүгін Универсиада алауы жағылады. Осы төрт-бес күннің ішінде осы Алау бүкіл Қазақстанды шарлап шығып, елдің спортшыларымызға деген тілегін, арманын қабыл аласыңдар. Сондықтан ол жеңіске жетуге көмегін тигізетін болады», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай жоғары деңгейдегі спорттық доданың Қазақстанда өтуі үлкен абырой.

«Бұл шара - тұңғыш рет тәуелсіздік жылдары ішінде жеткен жетістігіміздің бірегейі, мұндай дүниежүзілік доданы біз ешқашан өткізіп көргеніміз жоқ. 57 елдің спортшылары келетін болады, 170 мемлекеттің ішінен өткізу құқығына ие болдық, бұл, біріншіден, біздің еліміз үшін үлкен абырой. Қазақстанды тағы да барша елдерге паш етеміз, мыңдаған журналистер болады. Екіншіден, жастарды спортқа баулиды. Үшіншіден, салған жаңа спорт кешендердің барлығы болашақтағы еліміздің спортшыларына қызмет етеді. Біздің 168 мүшесі бар құрамамыз алға суырылып, барлығымызды қуантады деп сенемін! Сіздерге зор табыс тілеймін, өркендеріңіз өсе берсін!», - деді Н. Назарбаев.

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы бастау алды. Алғашқы Алау Назарбаев Университетінде тұтанды. Оны қала көшелерімен барлығы 60 алаугер алып өтеді. Алаугерлер арасында танымал спортшылар мен елорданың қоғам  қайраткерлері бар.

Одан кейінгі бес күн ішінде республиканың барлық облыс орталықтары өз Алауларын жағатын болады. Эстафетаға барлығы 1 мыңға тарта алаугер қатыспақ. Соңында Алау Универсиада астанасы - Алматы қаласына жеткізіледі. 

 

 

 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат