Елбасы Үкіметке заң актілеріндегі сыбайлас жемқорлық пен лоббизмге қарсы сараптама жүргізетін жоба әзірлеуді тапсырды

None
None
АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Үкімет бірінші кезекте заң актілеріне сыбайлас жемқорлық пен лоббизмге қарсы сараптама жүргізетін заң жобасын әзірлеп,

оны Парламентке енгізуі тиіс. Бүгін төртінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясын ашу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы уақытта Қазақстан азаматтарының еркіндігі, олардың нәсіліне, дініне, ұлтына қарамастан теңдігін қамтитын, адам құқы мен бостандығын қорғайтын заңнамалық жұмыстарды тереңдету маңызды. Қоғам үшін «Гендерлік теңдік туралы» заңды әзірлеп, қабылдаудың да маңызы зор. Тең құқық пен тең мүмкіндікті қамтитын бұндай заң тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуы тиіс. Менің тапсырмам бойынша еліміздегі құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасы әзірленді. Оның базасында Қазақстанның заңнамаларын да жаңалау керек. Сонымен бірге Үкіметке бірінші кезекте заң мен заң актілеріне ғылыми оның ішінде сыбайлас жемқорлық пен лоббизм қызметіне қарсы сараптама жүргізетін заң жобасын әзірлеп, оны Парламентке енгізуді тапсырамын», деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы Парламентке алдағы уақытта  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа кодекстің және Әкімшілік процессуалдық кодекстің жобасын қарау керектігін атап өтті. Елбасының айтуынша, аталған құжаттар әкімшілік құқық бұзушылықтағы ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталады.

Соңғы жаңалықтар