Елбасы Үкіметке индустрияландырудың 5 жылдық жоспарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды

None
None
АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін төртінші сайланған Парламенттің үшінші сессиясын ашу барысында ҚР Президенті Үкіметке жыл соңына дейін еліміздің индустрияландыруды ынталандырудың 5 жылдық жоспарын аяқтауды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Дағдарыс кезеңінде елімізді индустрияландыру жұмысына ешқандай балама болмайды. Үкіметке жыл соңына дейін елімізді индустрияландыруды ынталандырудың 5 жылдық жоспарын аяқтауды тапсырамын. 2010-2015 жылға дейінгі мемлекетіміздің индустриялану картасы, 2020 жылға дейінгі өндірістік қуатты оңтайлы орналастыру тізбегі қалыптасуы тиіс», деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, бүгінгі күнге дейін республика бойынша 25 индустриялық жоба таңдалып алынған. Бұлар машина құрылысы, металлургия, формацептика, химия салалары бойынша бағытталып, оған 30 млрд. долларға жуық қаражат жұмсалатын болды. Сондай-ақ аталған салаларда 270 мыңға жуық жұмыс көзін ашу көзделеді. «Біздің индустрияландыру жұмыстарымыздың  мығым заңнамалық негізі болуы шарт», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар