Елбасы Үкіметке егіс алқаптарын әртараптандыруға бағытталған ынталандыратын тетік әзірлеуді тапсырды

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Елімізде бидай дақылдарынан бөлек, басқа бағыттарға инвестицияны да арттыру керек. Осыған орай, бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке осындай тапсырма жүктеді.

«Мен бұған дейін де бірнеше рет басы артық егін алқаптарын, бидай егістіктерін оңтайландыру керектігін айтқанмын. Бұл ретте жем-шөптік, жарма, бұршақты дақылдарды, майлы дақылдар өсіруді кеңейтуге тиіспіз. Ашығын айтайықшы, біз 30 млн. тонна бидайға қуанамыз. Жеңіс, жетістік екені рас. Алайда, артық өндіру дағдарысына ұрынып отырмыз. Бізде бүгін бидайды қайда сату мәселесі өзекті. Біздің қазақстандық ішкі сұранысымыз 7 млн. тонна ғана. Ал жақын көршілерден сатып алынатын экспорт тағы 7 млн. тонна. Міне, бізге керектісі 14 млн. тонна ғана. Ал Балтық жағалауына, Қара теңізге бидайларымызды жеткізу үшін әрбір тоннасын 40 доллардан субсидиялап жатырмыз. Сонда бұнымыз не? Өзімізді шығынға батыру үшін төлеп жатырмыз ба? Осыны ойлану керек», - деді Н. Назарбаев.

Осыған байланысты Президент инвестицияны дұрыс бағыттау қажеттігін алға тарты. Монодақылдан кетіп, әртарапты дақылдар өсіру керектігін атап өтті. «Осыған орай Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне фермерлер үшін егіс алқаптарын әртараптандыруға бағытталған ынталандыратын тетік әзірлеуді тапсырамын. Бұнда өнімділікті арттыру да назарда болуы шарт», - деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар