Елбасы Үкімет назарын жас кәсіпкерлер шығарған өнімдерге аудартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлер мен әкімдерді отандық киім киюге тағы да шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біріншіден, өзіміздің өнімдерімізді насихаттау керек. Бұл өз кезегінде отандық жеңіл өнеркәсіпті көтеруге ықпал етеді», - деп тоқталды Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осы орайда Мемлекет басшысы Жастар жылының ашылуы кезінде ұйымдастырылған көрмедегі өнімдердің сапалы екенін атап өтті.

«Егер де оларға қолайлы жағдай жасасақ, салада үлкен компаниялар пайда болады. Біз нарықтарды іздеп жатырмыз, алайда өзіміздің ішкі нарығымызды пайдаланбаймыз. Сондықтан осы жұмыстарды пысықтаңыздар», - деп тапсырды Президент.

Өз кезегінде Үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаев Елбасы тапсырмасы аясында бөлінген 600 млрд теңге бірінші кезекте импортты ығыстыруға бағытталатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар