Елбасы Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының Спикері Мұстафа Шентоппен кездесті, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті екі мемлекет арасындағы қатынастардың стратегиялық сипатын ерекше атап өтті.

– Биыл біздің елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікке 10 жыл толды. Екі мемлекет арасында тығыз саяси қатынастар қалыптасты, оның ішінде парламентаралық және ведомствоаралық іс-қимыл саласында да дамыды. Визасыз режим орнатылды, сауда көлемі өсуде. Өткен жылы бұл көрсеткіш 2 миллиард долларға жақындады. Екі мыңнан астам бірлескен кәсіпорын құрылды. Екі мыңға жуық жас қазақстандық Түркияда білім алуда. Мұның бәрі біздің қатынастарымыздың жақындығын білдіреді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде М.Шентоп Елбасына кездесу үшін ризашылығын білдірді және Түркия Республикасының Президенті Реджеп Ердоғанның жылы лебіздерін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар