+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Елбасы Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикерімен кездесті

2021 жылғы 27 қыркүйек 18:39
Бөлісіңіз:
Елбасы Түркия Ұлы ұлттық жиналысының спикерімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті М.Шентопқа Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысында жемісті келіссөздер жүргізуіне тілектестігін білдірді.

Елбасы отыз жыл ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың даму қарқынын атап өтіп, М.Шентоптан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жеткізуді сұрады.

– Мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында жұмыс атқарып келемін. Бүгінде біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Президент Ердоған екеуміз үнемі байланыстамыз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде М.Шентоп Елбасыға қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның жылы лебізін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT