Елбасы Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың және  өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды биылғы 12 маусымда Ескішехир қаласында Трансанатолия газ құбырының (ТАНАП) ресми түрде іске қосылатындығымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл жобаның Түркия Республикасының транзиттік әлеуетін арттыруға септігін тигізетініне және елдің экономикалық дамуына зор ықпал ететініне сенім білдірді. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Ердоған екі мемлекет арасындағы сындарлы диалогты одан әрі ілгерілету мәселелерін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Соңғы жаңалықтар