+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Елбасы Түркістандағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты

2019 жылғы 5 қараша 22:22
Бөлісіңіз:
Елбасы Түркістандағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысымен танысты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облыстық әкімдігінің жаңа ғимаратындағы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесімен танысты. Мұнда партияның облыстық филиалының жетекшілігімен құқық қорғау органдары мен әлеуметтік салаға жауапты мекемелердің басшылары қоғамдық қабылдау өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жүгінуге болатын YouTube-канал ашылды Президент Әкiмшiлiгi тұрғындардың кезекті арыз-шағымын қарады Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына қалай жазылуға болады

Аталған жоба халық пен билік арасын жақындату бағытында қолға алынып отыр. Өңір басшысы, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Елбасыға тұрғындардың өтініші мен құқықтары әрдайым басты назарда болатынын жеткізді. Ұлт көшбасшысын бұл жобаның жұмысымен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев таныстырды. Мұнда партия халықты ашық форматта қабылдайды. Арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелерінде тұрғындардың талап-тілегі тыңдалып, арыз-шағым, өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Сонымен бірге құқық қорғау органдары мен тұрғындар жиі сұрақ қоятын әлеуметтік саланың өкілдері де тұрғындарға көмектеседі. Әрбір азаматтың шағымы пост-терминал арқылы қабылданады. Барлық өтініштер партия тарапынан тұрақты қадағалануға алынады. Бұл жаңа бастама ашық әкімдік жобасын жандандыру мақсатында қолға алынып отыр.

Айта кетейік, бүгінде Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасы аясындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Қоғамдық қабылдау кеңсесі «Open space» форматында ашылып, жаңа ғимаратқа көшірілді. Лауазымды тұлғалар тұрғындарды тұрақты түрде қабылдап, мәселелер шешімін табуда. Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында партия филиалының барлық Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6047 арыз-шағым түскен: оның 2358 (яғни 39%) оңтайлы шешілсе, 3611 өтінішке заң аясында кеңес берілген. 9 айда 2006 қабылдау жүргізіліп, 9937 тұрғынның өтініші бетпе-бет тыңдалды. Өтініш-тілектердің басым бөлігі оң шешімін тауып, қанағаттандырылды. Сондай-ақ кәсіпкерлерге заң жүзінде кеңес беріп, арыз-шағымын тыңдайтын Қоғамдық бизнес-қабылдауы да іске қосылған.

Өңірде «Nur Otan» партиясының 90 мыңға жуық мүшесі бар. 255 бастауыш партия ұйымына талдау жүргізіліп, 2,5 мыңнан аса адам партия қатарынан шығарылған. Жаңадан бес бастауыш партия ұйымы ашылып, кәсіпорын мен шаруашылық ұйымдарының өкілдері партия қатарына тартылды. Осы жылдың соңына дейін ұйымдардың санын онға жеткізу жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT