Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Елбасы Түркістан облысының әкімі мен халқына алғыс білдірді

2018 жылғы 11 шілде 12:10 174
Бөлісіңіз:
Елбасы Түркістан облысының әкімі мен халқына алғыс білдірді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен өңір тұрғындарына алғыс хат жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістанның тарихи орындары Туристік нысандардың бүкіләлемдік тізіміне енді

Хатта Елбасы Астананы көркейтуге қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі мен өңір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірген.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Түркістан облысы да елордаға ерекше сый жасады. Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады. Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады. Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін», - делінген алғыс хатта.

Айта кетейік,  Астананың 20 жылдығына орай бірқатар облыстардың атсалысуымен елордада жаңадан 56 шақырым веложол салынған болатын. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Есіл өзенінің жағалауынан Д.Қонаев көшесіндегі көпірге дейінгі аралықта жүргізілген велосипед жолы Түркістан облысының атсалысуымен жүзеге асқан болатын. Бұл жол Есіл өзенінің бойы мен сол жағалауы және ЭКСПО кешенінің нысандары арқылы өтеді. Ол қалалық саябақтағы шаңғы және роликке арналған жол мен Ильинка кентінен «жасыл белдеу» арқылы өтетін велосипед жолақтарын байланыстырады. Велотректер арнайы үстелдермен, тұрақтармен, wi-fi және телефонды қуаттау мүмкіндігі қарастырылған «ақылды инфрақұрылыммен» жабдықталған.


Елбасы Түркістан облысының әкімі мен халқына алғыс білдірді
Елбасы Түркістан облысының әкімі мен халқына алғыс білдірді

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT