Елбасы «Түркістан-Арена» стадионы мен «Конгресс Холл» залына барды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпрат - Елбасы «Түркістан-Арена» стадионында болып, кейін «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шара барысында Елбасы концерттерге, театрландырылған қойылымдарға, байқауларға, ғылыми конференцияларға және басқа да шараларға арналған көпфункционалды мәдени объектімен танысты.

Жаңа ғимаратта 1000 орындық көрермендер залы, төрт дайындық бөлмелері, әкімшілік кеңселері және балаларға арналған ойын бөлмесі болады.

Сонымен қатар сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жаңарған Ел – бақ қонған Ел» бейнеролигі ұсынылды.

Осыған дейін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркістан қаласына келгендігін хабарладық. Сондай-ақ, Елбасы Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.



Соңғы жаңалықтар