Елбасы туралы замандасының пікірі: Лидерлік қабілеттің бәрін бойына жинаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті батыл, көреген, ақылды азамат. Ол нағыз көшбасшылық қабілетті бойына жинаған тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты өзінің замандасы, бір кездегі Қазақ ССР-інің комсомол, партия және мемлекет қайраткері, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің белсендісі Вера Сидорова осылай сипаттап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Мемлекет басшысымен 1962 жылдан бері таныспын. Президентіміз ол кезде Қарағанды металлургиялық комбинатының жұмыскері болатын. Сол жылы өндіріс жұмысшыларының жиыны болды. Мен комсомолдық жұмыста едім, мен де қатыстым. Мен сол сәтте Елбасыны байқадым. Елдің бәрі сол кісімен суретке түсіп, қол алысып амандасып жатты. Оның жымиысы, адамдармен жылы қатынасы жанымды жадыратты. Менің байқауымша, Нұрсұлтан Әбішұлы сол кейпінен әлі күнге де танған жоқ», - деді Вера Васильева.

Жас маман Нұрсұлтан Назарбаевпен Министрлер кабинетінің төрағасы болған кезде жақынырақ таныса бастаған.

«Ол кісі Дінмұхаммед Ахметұлымен біздің өлкеге сапарлап келді. Мен ол кезде Қостанай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болатынмын. Содан бастап маңызды мәселеге қатысты жиындарда жиі кездесе бастадық. Ол өте ақылды, білімді, көреген азамат. Барлық жетістікке тек қана өз еңбегінің арқасында жетті. Айналасында білікті мамандарды біріктіре білді. Оның тұла бойында лидерге тән қабілеттің бәрі болды», - деді Вера Сидорова.

Соңғы жаңалықтар