Елбасы туралы кітаптың авторы өз туындысы туралы айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Оқушылар сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «О великой жизни» - «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты туындының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кітаптың авторы - Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Александрович Зенькович. Тұсаукесер барысында автор кітапты шығарудағы басты идея, Мемлекет басшысының өміріндегі сюжеттік желіге енген негізгі оқиғалар туралы баяндады.

«Нұрсұлтан Назарбаев туралы ешкімнің оғаш пікір айтқанын естіген емеспін. Қоғамдық пікір деген осы. Нұрсұлтан Назарбаев туралы қоғам ойының өзгергенін де естігенім жоқ. Ол халқын, халқы Мемлекет басшысының қадірін біледі. Қазақстан Президенті елі жолында барын салып келеді. Мен Президенттің өмірін 1996 жылдан бері зерттеп келемін. Президент болу өте қиын жұмыс. Шетелдік президенттердің Нұрсұлтан Әбішұлы туралы бұрыннан бері айтып келе жатқан пікірлерін жинақтадым. Ұлы адамға деген құрметіммен кітапты жазып шықтым», - дейді Николай Зенькович.

null 

Ресейлік жазушының кітабын қазақ тіліне белгілі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қаламгер, белгілі журналист, публицист Қайнар Олжай аударған. Туынды қазақ және орыс тілінде де екі мың тиражбен жарыққа шықты.

Айта кетейік, «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» - Тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Мемлекет басшысы туралы жасы 12-ден асқан жас жеткіншектерден жоғары аудиторияға арналған алғашқы туынды. Сондай-ақ, ол жоғары сынып оқушылары мен КТУ оқушылары үшін дайын оқу құралы болып табылады.

null 

Соңғы жаңалықтар