Елбасы туралы кітапта тың мәліметтер қамтылған - Қайнар Олжай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбегі туралы жарыққа шыққан ресейлік жазушы Николай Зеньковичтің «О великой жизни» кітабын қазақ тіліне аударған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі журналист Қайнар Олжай тың туынды туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қайнар Олжай Елбасы туралы еңбек жазуға іштей дайын болып жүргенін айтады. Жазушының ойынша, Николай Зенькович Елбасын терең зерттеумен бірге, кітапта көптеген тарихи салыстыруларды келтірген.

«Елбасының Қазақстандағы мұнайды қалай игереміз дегенде, ресейлік билік тұлғаларының тарихи мысалдарымен салыстыра жазады. Міне, осындай тарихи салыстырулар Нұрсұлтан Әбішұлы туралы кітапты құнды ете түскен. Екінші жағынан, кітапта саяси тұлға ретінде әлемдік деңгейдегі қайраткер екені айтылады. Тоқсаныншы жылдардың басында Елбасының жастық шағы туралы бір кітап жарыққа шыққан. Мына кітаптың құндылығы - Елбасының жоғары сыныптағы оқушыларға арналғандығы. Дәл сол буынға арналған жетік тілде жазылған кітап болған емес. Осы кітап сол олқылықтың орнын толтырды деп есептеймін», - дейді Қ. Олжай.

null 

Жазушының айтуынша, жоғары сынып оқушыларына арнап кітап жазудың ерекшелігі бар. Әрбір тараудың басын оқыған сайын ойына Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі түседі екен.

«Кітаптың поэтикалық және лирикалық жағы да мол. Туындыда комсомол ұйымы кезінен бастап қазіргі балалар білмейтін тұсы жағынан түсініктемелер мол. Жан-жақты жанрды бір кітапқа тоғыстырып жазу асқан шеберлікті талап етеді. Құрметті авторымыз шебер жазушы екенін дәлелдей білді. Кітап тек аударылып қана қойған жоқ. Бірнеше орыс ақындарының өлең шумақтары келтірілген. Мен орыстың Бродский, Высоцкий сынды ақындардың өлеңін аударып шықтым. Кітаптың басында «Пионер» туралы өлең кездеседі. Осы тұста Қасым Аманжоловтың өлеңін қосып жібердім. Сондықтан да тарихи деректерге толы өте пайдалы кітап жарыққа шықты деген ойдамын», - дейді Қайнар Олжай.

Жиында айтылғандай, кітаптың бірінші бөлімінде тарихи тұлғаның қалыптасуы туралы жазылса, екінші бөлімінде мемлекеттің пайда болуы, 25 жылда бағындырған жетістіктері айтылады.

«Назарбаевтың көпшілік біле бермейтін белестерді бағындырды. Мәселен, Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанды достастырған біздің Елбасы еді. Бірақ, бұл жайдың егжей-тегжейін көп адам біле бермейді. Міне, осы дерек «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» туындысында толық жазылған», - деп түйді жазушы.

Айта кетейік, Қайнар Олжай үшін бұл Елбасы туралы қалам тартқан немесе аударған кітаптардың алғашқысы емес. 1994 жылы жазушы Нұрсұлтан Әбішұлына арнап «Президент пырағы» деген атаумен іргелі туындыны жарыққа шығарған. 

Соңғы жаңалықтар