11:13, 19 Қазан 2021 | GMT +6
Елбасы туралы деректі фильм көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 21 қазан күні сағат 21:30-да «Хабар» телеарнасында Елбасы туралы «Штрихи к портрету. Откровение» атты деректі фильм көрсетіледі.
Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айбек Үкібай өзінің Twtter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен Айгүл Әділова және Елбасының баспасөз қызметі ұйымдастырған документалды жобаның 5-ші сериясы.
Осыған дейін Елбасы туралы түсірілген «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінің көрерменге жол тартатынын хабарлаған болатынбыз.